Баян Есентаева кітабын 2 миллион теңгеге сатылымға шығарды (видео)
Әйгілі продюсер Баян Есентаева өзінің «Баян. Өзім жайлы ғана емес» атты кітабын 2 миллион теңгеге сатпақшы. Сатылымнан түскен қаражатты Мақсатқызы есту қабілетінде кемістігі бар 13 жасар Әлинұрге аудармақ ниетте.
Бұл туралы «Слышу сердцем» қайырымдылық қорының Facebook-тегі парақшасында хабарланды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Әлинұр дүниеге келгелі бері жақындары мен достарының, табиғаттың дыбысын естуді армандап келеді. Міне, кезекті оқу жылы басталғалы бір апта өтті. Қатарластары қарапайым мектепке барса, Әлинұрдың өзі Сұраншы Батыр ауылындағы (Ұзынағаштағы) есту қабілетінде кемістігі бар балалар интернатына барады. Ол ата-анасынан жырақта оқуға мәжбүр. Жақындарын тек демалыста көре алады. Осылай жалғасып келе жатқанына 5 жыл болды. Құлаққа арналған аппарат болса, ол да қарапайым мектепке бара алар еді», – делінген қор мәлімдемесінде.
Қайырымдылық қорындағылардың айтуынша, есту аппараты 2 миллион теңге тұрады. Дәл осы себепті Баян Мақсатқызының қолтаңбасы қойылған кітап 2 миллион теңгеге сатылмақ.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбе дегенде шошынатын қытайлар Димаштың өнерінен кейін басқаша қарайтын болған
Отандық жұлдыздар латын әліпбиіне қатысты пікір білдірді (фото)
Рамазан Стамғазиев: Бір-бірімізді көрмей кеткен күндеріміз болған. Бірақ махаббат жібермеді
Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртастың жұбайына ағалық кеңесін айтты