Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Момышұлы "Халық қаһарманы" ма? Батырдың келіні ащы шындықты айтып берді

Биыл даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл. Момышұлы көзінің тірісінде алмаған біраз атақ пен құрмет, батыр қайтыс болған соң берілген еді. Елімізде Момышұлының атымен аталатын көшесі жоқ елді мекен кемде кем. Одан өзге батырдың атындағы оқу орындары да бар. Жас ұрпақ оны ерекше батыр, «Халық қаһарманы» деп біледі. Ал дәл осы «Халық қаһарманы» атағы туралы ел арасында басы ашылмаған мәселе бар көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Момышұлы

Оқулықтар мен энциклопедияларда Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы 1995 жылы берілді деп жазылған. Бірақ, батырдың келіні, жазушы Зейнеп Ахметова үйімізге ол атақтың белгісі берілмеді деп отыр.

Даңқты батырдың келіні Зейнеп Ахметова барлық жұрт Бауыржан Момышұлын "Халық қаһарманы" деп білетінін айтады. Алғашында ондай атағы жоқ деп түсіндіруге тырысып жүрген ол кейін дауласуды қойдым дейді. Себебі ондай атақтың берілгендігі туралы бірнеше жерде жазылған. 

"Мысалы Қасым Қайсенов қайтыс болғаннан кейін атақ берілді, отбасына тапсырылды. Өзіміз көрдік бұл жағдайды. Тіпті отбасына табысталмағанның өзінде де БАҚ-та айтылуы не жазылуы керек керек еді ғой", - деді батырдың келіні Зейнеп Ахметова

Зейнеп Ахметова егер ол марапат берілсе, заң бойынша отбасына табысталуы тиіс еді дейді. Батырдың шаңырағына бас-көз болып отырғанда осы жайтты анықтап алғысы келеді. Момышұлына ондай атақ 1995 жылы берілуі мүмкін деп, сол жылдардағы мемлекеттік басылымдар шолынып шықты. Ресми дерек кездеспеді. Жалпыға ортақ "Уикипедия" электронды ақпарат көзінде батырға атақ берілген деп жазылған. Ал Баурыжан Момышұлының келіні ешқандай марапат керек емес, тек шындық салтанат құрса болғаны дейді. 

"Атаның атағы онсыз да жеткілікті. Сонау Совет үкіметі кезінен бері халық атамды қаһарман деп келген. Маған шындық керек. Неге былай кітапқа жазылады? Неге энциклопедияларға енгізіліп, оқулықтарға қосылды бұл ақпарат?", - деп қосты қаһарманның келіні. 

Көпшілікке ұлттыщқ тәрбие мен салт-дәстүрді айтудан жалықпайтын Зейнеп Ахметова жуырда 75 жасқа толды. Мен үшін ең үлкен атақ Момышұлының келіні атану дейтін жазушы марапат мәселесі биыл батырдың 110 жыл толуына орай шешемін табады деген үмітте.  

Талқылау
Пікір
не знаю что здесь написать?
12 Ақп, 20 жыл - 14:44

Бауыржан халықтың қаһарманы екені даусыз, соны енді ресмилестіру керек міндетті түрде. Өлі разы болмай тірі баймайды деген бекер емес, ағайын

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында сегіз күннен бері іздеуде жүрген қыз құрбысының үйінде жатқан

Бойжеткеннің туыстары оның із-түссіз жоғалып кеткендігін айтқан

Ішімдік ішіп, қонақ үйге құсып тастаған: Қазақстандық төрт биатлоншы олқы қылықтары үшін ұлттық құрамадан шеттетілді

Ең зиянды әдеттер аталды

бұл қылықтар денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл лауазымға Дастан Рыспеков ие болды

"Бір жерге тегін жеткім келді": Павлодарда көліктегі әйелге шабуыл жасаған азамат құрықталды

Оқиғаға қатысы бар деп Ақсудың тұрғыны ұсталған

Bek Air ұшағының құлау сәті видеомен көрсетілді

Мамандар ұшақ апатын визуал

Мәдениет министрлігі: Әнші фонограмма жайлы алдын ала ескертуі керек

Орындаушы концерт фонограммамен өтетіндігі жайлы билет сатылмай, жарнама бермей тұрып айтуы шарты

14 күнге карантинге жабылады: Қазақстанда коронавирус анықталған елдерден келген азаматтар қатаң бақылауға алынады

Коронавируске қатысты жаңа заң құрастырылды

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда
Çàãðóçêà...