Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған
Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімінің кезекші бөліміне 1975 жылы туған Махамбет ауылының тұрғынынан белгісіз біреу үйге кіріп, темекісі мен азық-түлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қолданылған жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аталған қылмысқа күдікті ретінде осы ауылда тұратын үш кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Аталған факті бойынша, Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Осыған орай БҚО полиция департаменті ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларына аса мұқиятпен қарауларын сұрады. Себебі балалық кезде жасалған қателік олардың болашағына әсер етуі әбден мүмкін.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды