Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 46 миллиард теңгеге 54 жоба іске асыру жоспарлануда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі таңдағы біздің басты міндетіміз – халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтардың табысындағы алшақтықты азайту және еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу деп нақты айтқан болатын. Осы бағытта жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты өсімге қол жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өңдеу өнеркәсібі – 20,6%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 4,7%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі – 34,0%-ға, тұрғын үйлерді іске қосу – 2,1%-ға, негізгі капиталға инвестициялар – 34,6%-ға өсіп отыр. 

Жалпы өңірлік өнімінің өндірілген көлемі 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен 1,3%-ке өсіп, 2 трлн. 876 млрд. теңгені құрады. Облыстың жалпы өңірлік өнімінің 54,6% өнеркәсіп саласына тиесілі (соның ішінде тау-кен өнеркәсібі – 50,1%) тиесілі. 
Жалпы өңірлік өнімінің көлемі бойынша облыс республика бойынша 6 орында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында жалпы құны 1,9 трлн.теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 111 инвестициялық жоба пулы жасақталды.

Оның ішінде 2023 жылы 46 млрд. теңгеге 1300 жұмыс орын құрумен 54 жоба іске қосылуы жоспарлануда. Бүгінгі күні 14 млрд. теңгеге 500-ге жуық жұмыс орнын құрумен 12 жоба іске қосылған. Олар: 

  • Сүт-тауарлық ферма ("Ringo-Milk" ЖШС);
  • 2 медициналық орталық ("Талап" АҚ, "OLYMP" ЖШС);
  • Қонақ үй ("Nurbergen Health Resort" ЖШС);
  • Құрама жем өндірісі ("Диана" ЖК);
  • Кабель катушкасы үшін фланецтер өндірісі ("PlayCom Uralsk" ЖШС);
  • Ветеринариялық дәрімектерді өндіру ("Эпсилон" ЖШС);
  • Терезе төсеніші өндірісі ("ЭКОПЛАСТ Қарасай" ЖШС);
  • Химиялық өнімдер өндірісі ("PHX-KZ" ЖШС);
  • Орал қаласында сауда үй және автокешен құрылысы ("Мерей" ЖШС);
  • 2 пресс желісін кеңейту ("БҚҚМК" АҚ);
  • Автожанармай құю станциясы ("Орал АЗС Сервис" ЖК).

Сонымен қатар, шетелдік инвесторлардың қатысуымен өңірде бірқатар жобалар қолға алынуда.

Атап айтсақ, КПО б.в. компаниясымен Қарашығанақты кеңейту жобасының I кезені 5-ші компрессорды 970 миллион АҚШ долларға орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде (іске қосылуы мерзімі – 2025 жыл) және II кезені бойынша 735 миллион АҚШ долларға 6-шы компрессорды орнату бойынша жобалау жұмыстары жүріп жатыр (іске қосылуы мерзімі – 2028 жыл). 

Сонымен бірге баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдік компаниялар қатысуымен 228 жұмыс орнын құрумен 67 миллиард теңгеге жылына 130 мың тонна метанол өндіру бойынша газ-химиялық зауытының құрылысы ("Zhaik Petroleum LTD" ЖШС) және 100 жұмыс орнын құрумен 55 миллиард теңгеге 24 мың тонна құс фабрикасы ("Агротоп"  ЖШС) ірі жобалары жоспарланып отыр. 

“Релокация аясында шетел капиталының қатысуымен кабельді өнімдер үшін фланецтар өндірісі, фанера, терезе жақтауы мен төсеніші мен есіктер өндірісі сияқты 152 жұмыс орнын құрумен 3,5 млрд. теңгеге 4 жоба іске қосылды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айында құны 1,4 миллиард теңгеге 100 жұмыс орын құрумен бигбэг өндірісі жобасы іске қосылатын болады. Бұнымен қоса 2024-2026 жылдары 8 кәсіпорынмен 4,4 мың га алқапта суармалы жерлерді айналымға енгізу бойынша жобалық құны 6,5 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада. 

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 27 Маусым, 2023 14:07