Басты міндет - Қазақстанды IT-елге айналдыру – Президент
Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IT қызметтерінің көлемін арттыруды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне көңіл бөлуге шақырды.
"Стратегиялық басты мінде – Қазақстанды IT-елге айналдыру. Бізде цифрландыру саласындағы жетістіктері бар, электрондық үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарындамыз”, – деді ел басшысы.
Айтуынша, Отандық IT-саланың экспорт көлемі өткен жылы ғана бес есеге өсті. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін.
Ол Үкіметке 2026 жылға қарай IT қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізуді талап етті. Бұған ірі шетелдік IT-компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу жәрдемдеседі.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен