Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық қаражатын мен төледім": Қыдырәлі Болманов Нұржан Қалжанмен арадағы келіспеушіліктің себебін айтты

Продюсер Қыдырәлі Болманов пен әнші Нұржан Қалжан “Көреміз” бағдарламасында арадағы келіспеушіліктерінің себебін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халық арасында танылған “Бұлбұл құс” әнінің авторы Қыдрәлі Болманов Нұржан Қалжанның кавер нұсқасын рұқсатсыз орындағанына ренжіген. Алайда Нұржан Қалжан басты себептің ақшада емес екендігін алға тартып, радиоға сұхбатқа барғанында қолқа салған соң, орындағанын жеткізді.

“Арамызда түсініспеушілік орын алды. Радиода менен осы әнді орындауымды өтінді. өздерінен қосылмайтынын айтты”,- деді әнші.

Ал Нұржан Қалжанның экс продюсері оған ешқашан әндерін орындауына шектеу қоймағанын, осы күнге дейін қолдау беріп, тіпті көп қаражат салғанын тілге тиек етті.

“Мен оның барлық шығындарын төледім. Фитнеске бар, ағылшын оқы, сахнада көзінде оты болсын дедім. Әндерінің барлық қаражатын мен төледім. Мен оған көп ақша салдым, едәуір қаржы жұмсадым. Осы күнге дейін алдынан көлденең тұрған емеспін. ешқандай жерге хат жазып, шектеу қоймадым”,- деді Қыдырәлі Болманов.

Продюсер әншіден ешқандай қаражатты қайтаруын талап етпегенін қоса кетті. 

Талқылау