Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлығы тұтынушылар үшін: Xiaomi компаниясы өз құрылғыларының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді

Бүгінде мобильді құрылғылар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуда. Оларға сұраныс артқан сайын, пауэрбанк сияқты сенімді энергия көздеріне де қажеттілік көбейді. Дегенмен, нарықтағы барлық қуат сақтағыш құрылғылар жоғары қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейді. Осы тұста жетекші технологиялық компаниялардың бірі Xiaomi өз тұтынушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Редакциямыз Xiaomi Қазақстан тренинг-менеджері Дамир Маратовтан компанияның өз пайдаланушыларының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететіні туралы сұрап білді. 

Өндірістің жоғары стандарты

Xiaomi өзінің пауэрбанктерін өндіруде тек сапалы материалдарды таңдайды. Өнімдер қызып кетуден және қысқа тұйықталудан қорғалатындай етіп арнайы жабдықталған. Ал аккумуляторы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Әрбір компонент қалыпты жұмыс кезінде электрлік және механикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қатаң сапа бақылауынан өтеді.

Сатылым алдында жасалатын қатаң тексеріс

Өнім сатып алушының қолына түспес бұрын, компания әртүрлі ықтимал сценарийлер мен жағдайларды қарайтын бірқатар сынақ жүргізеді. Бұған қуаттау циклі мен температураны тексеру, электромагниттік үйлесімділік пен радиожиілікті бақылау және құлаған жағдайдағы қауіпсіздік кіреді. Шамадан тыс қуаттау, разрядтау және қысқа тұйықталу сынақтары да қауіпсіздік процесінің бір бөлігі.

Міндетті сертификаттау

Xiaomi өнімдері жоғары қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растайтын жергілікті нарық (EAC) үшін міндетті сертификаттаудан өтеді.

Бейресми дилерлерден жасандысын сатып алу ықтималдығы

Егер тұтынушы тауарды бейресми дилерден алса, онда сапасы мен саудадан кейінгі қызметіне кепілдік берілмейтін, сертификатталмаған өнімге тап болу қаупі бар. Жасанды өнімнің сыртқы түрі көбіне түпнұсқалардан айнымайды. Алайда бұл пайдаланған кезде денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.

Жасанды құрылғылардың белгілері

Жасанды пауэрбанктерді бірнеше белгілер арқылы тануға болады: 

  • жергілікті тілге аударылмаған қаптамадағы жапсырмаларынан;
  • сапасы төмен сыртқы қаптамасынан;
  • күдік тудыратын төмен бағасынан. 

Жасанды өнімге кезікпеудің ең сенімді жолы – өнімді ресми дилерлерден сатып алу.

Ресми дилерлерден сатып алудың артықшылықтары

Xiaomi-дің түпнұсқа өнімдерін сатып алушыларға сапа мен қауіпсіздік кепілдігі, сондай-ақ сатудан кейінгі қызмет көрсету құқығы ұсынылады. Қазақстандағы Xiaomi ресми дилерлері: Mechta, Technodom, Xiaomi Store Official, Белый Ветер, Mobil Plus, Techno Lider, Technograd.kz, Freedom Mobile, DNS.kz, Evrika, Sulpak, Fora, Alser, Tele2/Altel, Beeline, Kazakhtelecom.

Кепілдік пен техникалық қолдау

Xiaomi ресми дилерлерден сатып алынған өнімдерге бір жылдық кепілдік береді. Қазақстанда ресми сервистік орталықтар да жұмыс істейді. Олар туралы ақпарат компанияның сайтында қолжетімді. Кеңес алу үшін клиенттер сенім телефонына 8-800-100-30-00 номері арқылы хабарласа алады.

Қауіпсіздікке арналған инновациялық технологиялар

Xiaomi әр өнімге түпнұсқалық растама кодын орнатқан және шамадан тыс қуаттау мен разрядты болдырмау үшін арнайы ақылды схеманы қолданады. Қуатты басқару чипі ең аз ток құрылғылары үшін де, флагмандық смартфондар мен ноутбуктер үшін де қауіпсіз қуаттауды қамтамасыз етеді.

Тұрақты жаңартулар мен ұсыныстар

Xiaomi нарықттағы ескертпелер мен жаңашылдықтар туралы ақпараттық материалдарды шолу арқылы өнімдеріне үнемі жаңарту орнатады. Пайдаланушы компания хабарламаларын ресми сайттардан, пайдаланушы нұсқаулықтарынан және әлеуметтік медиа арқылы біле алады.

Нарықта болып жатқан жағдайды бағалау

Xiaomi нарықта тұтынушыларға қауіп төндіретін сертификатталмаған өнімдердің болуына алаңдайды. Компания өнімді сенімді жерлерден тұтынуға және мамандандырылған орталықтардан кеңес алуға шақырады. 

Талқылау