Банк кепілдігі не үшін қажет және оны қайдан алады?
Қандай да болмасын келісімшарт жасау кезінде орындаушы тарап міндеттелген шарттарды орындай алмай қалады деген қауіп болады. Бұл мәселені шешуге және сенімді серіктес беделіне ие болуға банк кепілдігі көмектеседі.
Қамтамасыз етудің бір тәсілі – банк кепілдігі. Тиімді келісімшарт жасасу үшін ұйым кез келген жағдайда келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеуі керек. Осылайша, банк қандай да бір аяқ-асты жағдайларда болашақ клиент өзіне алатын міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді.
Қорытынды келісімге үш тарап қатысады: бенефициар, принципал және кепілгер банк. Азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген жеке немесе заңды тұлғалар принципал және бенефициар бола алады.
Кәсіпкер кепілдік ала отырып, өзінің жауапкершілігін сақтандырады. Жалпы, банктік кепілдік шарты келісімнің барлық қатысушыларын қорғайды.
Ал кепілгер тек банк бола алады, басқа несие мекемесі немесе сақтандыру ұйымы, әдетте, өз қызметін пайда табу үшін жүзеге асыратын коммерциялық құрылым. Банк кепілдігі бенефициардың мүддесі үшін берілетініне қарамастан, кепілгер ретінде қарастырылатын ұйымдар үшін банк кепілдігі қаржы қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілетті өнімдердің бірі.
Кепілдіктердің қандай түрлері бар?
Бүгінгі таңда әртүрлі мақсаттар үшін банктік кепілдіктердің бірнеше түрі бар. Міндеттеменің мақсатына байланысты кепілдіктердің мынадай боп ажыратылады:
Тендерлік кепілдік – бұл кепілдік бойынша кепілдік беруші банк тендер ұйымдастырушысының конкурстан бас тартқан, шартқа қол қоймаған не қатысушы шартқа қол қойғаннан кейін қамтамасыз етпеген жағдайларда тендерді ұйымдастырушыға кепілдік сомасын төлеуге міндеттенеді.
Коммерциялық кепілдік – жасалған шарттар бойынша шығарылады. Коммерциялық кепілдік алу үшін қай банк тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыратынын анықтау керек.
ВТБ Банкінде (Қазақстан) мысалында бұл ұйымнан банк кепілдіктерін қалай алуға болатынын қарастырайық.
Әр банктің кепілдіктерді шығару және қызмет көрсету бойынша өз шарттары бар. Сондай-ақ, шарттар кепілдік түрінен өзгеше болуы мүмкін.
ВТБ (Қазақстан) Банкінде кепілдік сомасы клиенттің қажеттілігін, сондай-ақ оның қаржылық жай-күйін ескере отырып айқындалады.
Айта кету керек, кепілдік сомасы шот бойынша таза орташа айлық айналымның 70% - ынан аспауы тиіс (тек бланк кепілдіктері бойынша).
ВТБ Банкіндегі (Қазақстан) кепілдіктердің түрлері туралы осы сілтеме арқылы біле аласыз.
Қамтамасыз етудің қосымша шарттары бар: банктер көбінесе принципалдан қандай да бір кепіл беруді талап етеді. Осы жағдайда банк кепілдігі қамтамасыз етілген болып саналады.
Банк кепілдігін қамтамасыз ету оны рәсімдеу мен алудың барлық жағдайларында (бланктік тендерлік кепілдіктерді қоспағанда) талап етіледі. Ол принципал өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда бенефициарға төлемді жүзеге асыру үшін пайдалануы үшін кепілген банк үшін қамтамасыз ету қажет.
Екі тарап үшін қамтамасыз етудің ең жақсы нұсқасы – қаржылай қамтамасыз ету.
Банкті таңдағанда не нәрсеге назар аудару керек?
Бұл жерде сіз ең алдымен сенімді серіктес бола алатын банк таңдауыңыз қажет. Жол сілтейтін темірқазық — банктің кредиттік рейтингі, өйткені көптеген бенефициар төмен кредиттік рейтингі бар банктерден кепілдіктерді қабылдамайды. Сондай-ақ, қажетті құжаттар пакетіне, сондай-ақ кепілдік алу үшін өтінімді қарау мерзіміне назар аударыңыз.
Банк кепілдігін қалай алуға болады?
Банк кепілдігі белгілі бір келісімшарт бойынша беріледі, өтеу сомасы шартта белгіленген міндеттемелердің көлеміне тікелей байланысты. Банк кепілдігін алу барысында келесі қадамдармен әрекет етуге болады:
- Ең алдымен, кәсіпкер өзі үшін барынша қолайлы шарттары бар банк таңдайды.
- Таңдалған банкте есеп айырысу шотын ашады.
- Содан кейін ол банк кепілдігін алуға өтініш береді, сонымен бірге қажетті құжаттардың тізімін ұсынады.
- Кәсіпкердің өтінімі қаралады, оның төлем қабілеттілігі тексеріледі және банк өз шешімін хабарлайды.
- Осыдан кейін банктің кепілдік беруі туралы жазбаша келісім жасалады.
ВТБ Банкінен (Қазақстан) банк кепілдігін алу үшін қаржы мекемесіне қоңырау шалыңыз немесе банк кепілдігін алуға онлайн өтінімді мына сілтеме арқылы қалдыра аласыз.
Кепілдік беретін банктер шаш етектен. Банк таңдау кезінде ірі және сенімді қаржы институттарына басымдық берген дұрыс. Одан бөлек, кепілдіктің максималды мөлшеріне, қызмет алға қажетті пайыздар мен уақытқа назар аударған жөн.
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы.