Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дұрыс адам болып қалу маңызды": Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевтың жаңалығына қатысты пікір білдірді

Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үшінші рет неке қиғанына қатысты пікір білдірді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram.com/bidash_official/zhahan_utargaliyev

Балжан қазір Балиде демалып жүр. Десе де әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуінің сүйінші жаңалығына қатысты пікірін айтты.

“Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайық. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс не бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды. Бәрінің өз уақыты мен орны бар. Мен өмірілік тәжірибеме разымын және оны бар күйінде қабылдаймын. Расында, Жаратқанның жоспары біздің жоспарымыздан әлдеқайда қайырлы болып шықты”, – деп жазды өнер иесі.

Фото: Instagram.com/bidash_official

Желі қолданушыларының көбі орамалдағы қызды Балжан екен деп ойлап қалған. Алайда әнші мұны жоққа шығарды. Сондай-ақ ол іштей үлкен сұхбатқа дайындалып жүргенін жеткізді. 

Бұған дейін, Жахан Отарғалиев орамалдағы қызбен үшінші рет отау құрды. Еске салайық, Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш 2023 жылдың қыркүйек айында ажырасып кеткенін растаған еді.

Талқылау