"Халықты арандатушылыққа апарады": Балтық жағалауы елдері Жеңіс күнін атап өтуге тыйым салды
Балтық жағалауында шоғырланған елдер енді Жеңіс күнін атап өтпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұндай басқосулар халықты арандатушылыққа апаруы мүмкін. Балтық жағалауы елдері Жеңіс күніне орай жиын өткізуге тыйым салуды қолға алды.
Әуелі Латвия Кеңес Одағы халқының ІІ Дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнін тойлаудан бас тартып, 9 мамырды Ресей қарулы күштерінің шабуылынан Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерді еске алу күні деп жариялады. Осыған байланысты тиісті заң қабылдады.
Енді Эстония полициясы 5-9 мамыр аралығында жиын өткізуге тыйым салды. Полиция 5 мамырдан 9 мамырға дейін Харьюмаа, Ляэне-Вирумаа мен Ида-Вирумаада жиын ұйымдастыруға болмайтынын мәлімдеді.
Полицияның хабарлауынша, мұндай жиындар Ресей мемлекетінің символикасын қолдану арқылы халықты арандатушылыққа апаруы мүмкін.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан