Балғынбек Имашев: Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да, Елбасын ерекше жақсы көрем
Ақын Балғынбек Имашев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше жақсы көретінін мәлімдеді. Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаевқа да, Иманғали Тасмағамбетовке де сүйіспеншілігі ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұлар мен үшін әкім, премьер, мем.хатшы, президент т.б емес, Тәуелсіз Қазақстанның ең қиын кезеңінде барлық күш-жігерін, қажыр-қайратын ел үшін сарп еткен қазақтың арда ұлдары. Бұл тізімді жалғастыра берсе болады, бірақ, мақсат біреуді мақтап, оған жағыну емес.
Мендегі қорқыныш - ендігі буында мұндай іскер, жанкешті, тәжірибелі, мықты кадрлар болмайды-ау. Кілең саудагер, кәсіпкер, бизнесмен, менеджер, пиармен, космополит кадрлар келетін сияқты", - деп жазба қалдырды айтыскер желідегі парақшасында.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды