Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға арналған жаңажылдық сыйлықтарды жеткізбеген астаналық кәсіпкерден 26,4 миллион теңге өндірілді

Астаналық кәсіпкер өз міндеттерін орындамай, 5 мың баланы жаңа жылдық сыйлықсыз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Астана қалалық сотының мәліметіне сенсек, келісімшартқа сәйкес айыпталушы өзінің қызметкерлерінің балаларына арналған 7 158 сыйлықты 37,8 миллион теңгеге жеткізуі керек еді. Алайда компания тауардың бір бөлігін ғана жеткізген. Бұдан кейін тапсырыс беруші 5 мың жетпеген сыйлық үшін 26,4 миллион теңге көлемінде айыппұл мен шығын өндіруді талап етіп, сотқа жүгінді.

Жауапкердің өкілі келісімшарттың бір бетіне клиент қол қоймағанын түсіндірді. Адвокат бұл беттегі шарттар басқаша болуы мүмкін екенін алға тартты. Бірақ мекеме директоры сотқа келісімнің басқа нұсқасын ұсынбаған. Керісінше, толық төлем қабылданғаны және тауардың тек бір бөлігі жеткізілгені келісімнің жартылай орындалғанын дәлелдеген.

“Сот талапты қанағаттандырды, себебі балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар белгіленген мерзімде жеткізілмеді”, – деп атап өтті сот.

Шешім заңды күшіне енді.


Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды


Еске салайық, бұған дейін Астанада дубай шоколадын сатып адамдарды алдаған алаяқ 3 жылға сотталғанын жаздық. А дубай шоколадын сату сылтауымен жәбірленушілерді алдаған. Бірнеше рет олардың қаражатын иемденіп, 10 жәбірленушінің жалпы сомасы 301 020 теңге ақшасын жымқырған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банк аударымдарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

Талқылау