Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар таракан секілді қырылады": Жұлдыз Әбдукәрімова желіде тараған вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

Әлеуметтік желіде коронавирустың үшінші толқыны келе жатыр, балалар жаппай қырылады деген сыны алып-қашпа әңгіме тарады. Билік өкілдері жалған ақпарат таратпауды, халықты дүрбелеңге салынбауды ескерткенімен желіге ауыздық жоқ. Бұл ретте Жұлдыз Әбдукәрімова өз пікірін білдірді. 

"Дінімізде жақсы сөз сөйлеңдер, болмаса үндемеңдер дейді. Неге жалған, расталаған, өсек-аяңды айтып елдің тыныштығын қашырасыздар? "Үшінші толқынға дайындап жатыр, балалар жаппай қырылады деп" бейкүнә сәбилерді араластырмаңыздаршы. Билік аспаннан вирус жаудыратын ақымақ па? Өздері, туыстары басқа ауамен демала ма? Неге қарапайым нәрсені түсінбейді. Тылсым күштері бар ма вирус жайлы ақпарат беріп отыратын? Адамдар коронавирустан емес, жемқорлықтан, өсек-аяңнан өліп жатыр. 

Жақында көршілеріміз бас қосып, мал сойып марқұмдардың рухына құран бағыштадық. Тірілерге амандық тіледік. Жақсы сөз жарым ырыс деген. Жақсы нәрсе айтайық немесе үндемейік", - деді Жұлдыз ханым парақшасында.

Әбдукәрімова желіде тараған қауесеттерді қатар жариялады. Желідегі оқырмандары оны қолдай түсті. 

"Алла сақтасын балаларымыз аман болсын ауырмасыншы", "Айтқан адамның жағына жылан жұмыртқалап, қара басына көрінсін, қаншама қазақ қырылды кеше аз болды ма сол, неге жақсылық өсек айтпайды екен, вирус жоқ болып кетіпті, ешкім ауырмайды деп. Үрейі ұшқан елді одан бетер қорқытып. Аллаға шүкір балаларға тимейді, тимесін де. Бар болашағымыз солар емес пе? Айтқан адамның өзінің ұрпағы жоқ па екен? Олар болмаса қазақ жоқ болып кетеді ғой Алла сақтасын!", "Сіз жақсы адамсіз,неге негативті қоясыз,оданда бір жақсылық сала берсеңізші. Ренжімеңіз", - деп жазды олар. 

Талқылау