"Балалар таракан секілді қырылады, үшінші толқын келе жатыр": Желіде тараған ақпаратқа министрлік жауап берді
Whatsapp пен әлеуметтік желілерде өкпе ауруының 3 толқыны келеді деген жалған аудио жазбалар жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығы туралы хабарлады.
Сонымен қатар, бұл іс ақпарат таратушының жеке басын анықтау мақсатында Түркістан облысының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және ішкі істер органдарына берілді.
«Құрметті азаматтар, әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа бой алдырмаңыз және тек ресми дереккөздерге сеніңіздер. Сондай-ақ, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеміз», - деп хабарлады департамент.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"