Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы естелігімен бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті

Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева ағасы туралы тағы бір жазба қалдырып, жұрттың жүрегін елжіретті. Ол абақтыда жатқан Есентаевтың өте балажан әрі қамқор екенін атап өтті. Жиендері туғанда қатты қуанған ағасының жасаған әрекеттерін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Мына қара қыз менің жүрегімнен шыққан жүрегім. 1994 жылы 4 жасында нағашы ағама барам деп Алматыға туысқандарымызбен ілесіп кетіп қалған. Сол кезде жастығым ба білмеймін, ағатайым «Айкоша барам десе жібер, жылатпа» десе, 4 жастағы қызымды жібере салыппын. Ол кезде ағам әлі үйленбеген, бойдақ. Содан не керек қызым Алматыға жеткен. Нағашы ағасы үлде мен бүлдеге ораған. Не керек еркелікке басқан. Қызым нағашысы сатып әперген неше түрлі керемет көйлектерді үлкен сөмкеге салып алады екен де, көшеге қыдыруға шығады екен. Содан көшеде келе жатып отыра қалады екен, сөмкеден алып, менің басқа көйлегімді кигіз деп», – деп еске алады Есентаева.

Айтуынша, тұңғыш жиені туғанда ағасы Бақытбек шалғайдан жол жүріп келіп, көрімдігін беріп, қайта кері кетіп қалған. Нағима Есентаева ағасының қарындасқа деген құрметін жоғары бағалайтынын айтты.

“Негізі, ағатайым жүрегі жұмсақ, қолы ашық жан. Өте балажан, туысқа келгенде қайырымды. Бәрімізді бір үй қылып жеткізген осы. Бәрі де ағатайымның арқасы ғой. Менің балаларыма деген сезімі ерекше еді. Ерекше жақсы көретін. Осы Әйгерімімді дүниеге әкелгенімде қуанғаны сонша, машинасына отыра салып Алматыдан Тарбағатай ауданына бір -ақ тартқан ғой. Келіп бетінен бір иіскеп, көрімдік үшін жаялығының астына көп ақшы салып кеткен. “Болды, жиенімді бір көрдім” деді де, бір кесе шайын ішіп, Алматыға қайтадан кетті. Сондағы қарындасқа деген құрметі қандай жоғары болған?! Ұлым мен қызыма осыны әрдайым үлгі етіп отырамын”, – дейді Нағима Есентаева.

Талқылау