Азия чемпионатына қатысатын жас балуандарымыз белгілі болды
Грек-рим күресінен Азия чемпионатына қатысатын жасөспірім балуандар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
22-30 маусым күндері Иорданияда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия біріншілігі өтеді. Аталған сынға қатысатын грек-рим күресінен Қазақстан командасы анықталды. Назарларыңызға даңқты балуан Алмат Кебіспаев жаттықтыратын жастар құрамының тізімін ұсынамыз:
45 келі: Нұрдәулет Құмарұлы
48 келі: Зарап Сұңқар - 48 кг
51 келі: Едіге Төлеутаев
55 келі: Алпамыс Болатұлы
60 келі: Шәміл Досбол
65 келі: Данияр Қанағатбек
71 келі: Әбілмансұр Ахалбек
80 келі: Еркебұлан Анапия
92 келі: Әділет Тойшыбек
110 келі: Айдос Қайратов
Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан құрамасының еншісінде Париж олимпиадасының 7 жолдамасы бар.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

