Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарын тоқтатады

Таулы Қарабақ билігі атысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Атысты уақытша тоқтату туралы ақпаратты Әзірбайжан қорғаныс министрлігі растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Настоящее время басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет:Tass

Арцах Республикасының билігі атысты тоқтату жөніндегі бітімгершілік миссиясы қолбасшылығының ұсынысын қабылдады.

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі 20 қыркүйекте Таулы Қарабақта "терроризмге қарсы іс-шараларды тоқтата тұру" туралы келісімге қол жеткізілгенін растады. 

Тараптар армян бөлімшелері мен әскери қызметшілерін шығару туралы, Таулы Қарабақтың қарулы құралымдарын тарату және толық қарусыздандыру туралы, сондай-ақ "Таулы Қарабақтың аумағынан ауыр техника мен қару-жарақты тез арада жою мақсатында шығару" туралы уағдаласқаны атап өтілген. Әзірбайжан бұл талаптарды бір күн бұрын алға тартты.

Қарабақта атыс салдарынан жеті адам көз жұмды. Мартуни қаласының мэрі мерт болды.

Бұған дейін Әзірбайжанның қарулы күштері Таулы Қарабақта әскери операцияны бастағанын хабарлады. Арменияда бұған қарсы наразылық акциялары өткені айтылған еді. Қазақстандық сарапшылар мұның елімізге әсерін айтып берді. 

Талқылау