AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аймағамбетов Білім министрлігін екіге бөлуге қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлікті екі ведомствоға бөлу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазір бұл шешімді өте тиімді жүзеге асыру міндеті тұр, өйткені білім мен ғылым жүйесінің тиімділігі – ең басты дүние. Біз қажетті жұмыстар атқарамыз", – деді министр.

Оның айтуынша, министрлікті бөлу туралы шешім қазірдің өзінде қабылданған.

"Шешімді бәріңіз естідіңіздер. Шешім бар, айтылды, тиісті түрде қабылданды. Енді осы шешімнің орындалуын ойластыру керек. Білім беру жүйесі осыдан пайда көруі керек. Сол себепті қазір жұмыс істейміз және жұмыс істеп жатырмыз.



Тиісті шешімді кім қабылдайтынын нақты реттейтін заңнама бар (министрлікті бөлу процесі туралы). Бұл ретте үкімет деңгейінде және ел басшылығы деңгейінде министрліктерді құрудың нақты жобасы туралы шешім қабылданады. Сондықтан тиісті деңгейде шешім қабылданып, мұның бәрі одан әрі жұртшылық назарына жеткізіледі деп ойлаймын", – деп қосты Білім және ғылым министрлігінің басшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған сессияда сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр