Айқынның Жұлдыз Өмірғалиге үйленіп, отбасын тастап кеткені рас па (фото)
Желі қолданушыларының бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің шетелде қолұстасып жүргенін хабарлады. Ол қос жұптың өз сезімдерін барынша жасырып қалуға тырысқанын айтады. Олай болса, бұл ақпараттың растығын инстаграм парақшаларындағы суреттері арқылы анықтап көрейік.
Сурет: Әншілердің жеке парақшаларынан алынды
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жұлдыз Өмірғали, расымен де, маусым айының орта шенінде Түркияның Анталия қаласында демалып қайтқан болатын. Отандық порталдардың бірінде жарияланған сурет пен Жұлдыз Өмірғалидің инстаграм парақшасында жарияланған суреттерді салыстырып көрейік.
Бұл суреттерді белгісіз азамат Nur.kz сайтына жолдапты.
Айқынның жанында отырған қыздың шашы тура Жұлдыз Өмірғалидікіндей қара әрі ұзын. Оның үстіне аяғына жамылып отырған көйлегі әншінің киіп түскен көйлегіне қатты ұқсайды. Мұнымен қатар, арасы бірнеше күн айырмашылықпен қос жұлдыз Түркияда түскен суреттерін жариялаған.
Десе де, суреттегі қыз Жұлдыз Өмірғали болмауы әбден мүмкін. Себебі, Айқын мырзаның менеджері бұл жаңалықты жоққа шығарып, әншіні қорғап сөйледі.
Естеріңізде болса, мамыр айында әлеуметтік желілерде Жұлдыз Өмірғали мен Айқынның тойына қатысты видеолар пайда болған-ды. Артынша әнші бұл видеолардың фильмнің үзіндісі екенін айтты. Ал әріптестері өз кезектерінде Айқын мен Жұлдыздың отасуына қатысты пікірлерін білдірді.
Жіберіп алмаңыз:
Асхаттың қызы: Әкемнің үйленуіне жылап-жылап алып, келісім беруге мәжбүр болдым (фото,видео)
Талғат Жорабаев: Сәбит әпкемді жиі жылатып, қорлап жіберді
Ерлан Орынбасаров: Баянның қиналғанын көріп, оны қалдырып кетуге қорықтым
Серік Ибрагимов перзентханадан шыққан сүйіктісін тосынсыймен күтіп алды (фото, видео)