«Әйелдің жәннаты – оның күйеуі»: Шалына ән салып берген әже жұрттың ыстық ықыласына бөленді
«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев Instagram желісіндегі парақшасында қариялардың видеосын бөлісті. Көпшілік оны көріп отырып ерекше сүйсінгенін жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: Видеодан скриншот
«Әйелдің жәннаты – оның күйеуі» деген хадисті ту қылып ұстаған апалар ғой. Алла риза болсын әжемізге. Атамның көңілін бір көтеріп тастады», - дейді әнші.
«Шалым менің қаракөз сүйгенім» деп әндетеді әже видеода. Көпшілік бұл көрініске қарап сүйсінгенін жазып жатыр.
«Атам мен апам аман болсын. Жасын бізге берсін», «Біздерге жұғысты болсын», «Бұл – Қызылорданың Шиелі ауданының тұрғындары. Мекке Мадинаға барып келген Таубаевтар әулеті. Менің түп нағашым», «Ғұмырлы болсын», «Қарап отырғын көз сүйсінеді екен», «Қалай күшті өздері» деп жазды желі қолданушылары.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған