Әйел үйлену тойынан төрт күн өткен соң күйеуін өлтіріп тастаған
АҚШ-та әйел үйленген соң төрт күннен кейін күйеуін атып тастаған. Оқиға Техас штатындағы Дэнтон қаласында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі True Crime Daily басылымына сілтеме жасап.
25 сәуір күні кешке 911 нөміріне көліктің жеке үйдің аумағына кіріп кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келген полицейлер жүргізуші орындығында оқ жарақатын алған ер адамның отырғанын көрген. Көлікте ер адамның әйелі – 30 жастағы Эмбер Розалес те болған. Алайда ер адам көп ұзамай ауруханада мерт болған.
Бұл кезде әйел төтенше қызметке қоңырау шалып, күйеуі Джеффри Макбрайдқа белгісіз біреудің оқ атқанын айтқан. Сондай-ақ ол күйеуінің есірткі сатып алмақ болғанын алға тартқан. Сөзінше, күйеуі Джеффри "бір еркекпен сөйлесу үшін" көлігін көше ортасында тоқтатқан. Алайда бейтаныс еркек Макбраидты атып өлтіргенін, ал тапаншаны көліктің ішінде тастап, қашып кеткенін мәлімдеген.
- "Қазаға шыдай алмады": Техастағы атыс кезінде қаза болған ұстаздың күйеуі оны жерлеген күні қайтыс болды
- Әйел үйлену тойынан төрт күн өткен соң күйеуін өлтіріп тастаған
Полиция Розалестің жауабындағы қисынсыз тұстардың көптігіне назар аударыпты. Әрі оның сөзі бейнебақылау камерасындағы жазбамен мүлде сәйкес келмеген. Жазбада Макбрайд тізгіндеген көліктің қалыпты жылдамдықпен келе жатқанын, бір сәтте тізгіннен айырылып, жеке үйдің аумағына кіріп кеткені көрінеді. Бұл кезде көліктің жанында тапанша ұстаған ер адам мүлде болмаған.
Тергеушілер Розалестің жолаушы орындығында отырып күйеуін атып тастады деген шешімге келген. Марқұмның туыстары әйелдің күйеуін жиі ұрғанын мәлімдепті. Олар қайғылы оқиғадан 4 күн бұрын, 21 сәуірде отау құрған.
25 мамырда Эмбер Розалес кісі өлтірді деп айыпталып, тұтқынға алынған. Алайда оған 500 мың доллар көлемінде кепіл тағайындалыпты.