Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел пойыз астына түсемін деп өмірлік серігін кездестірді

Ұлыбритания тұрғыны пойыз астына түсемін деп өмірлігін серігін кездестіріп, оған тұрмысқа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

әйел пойыз

Фото: Шарлотта мен Дейв/mirror.co.uk

Шарлотта Лэм жасөспірім кезінде қарым-қатынастарына байланысты депрессияға бейім болған екен. Сондай-ақ дәрігерлер күйзеліс деген диагноз қойған. 

"2019 жылы әйел өзі медбике болып жұмыс істейтін ауруханаға бара жатқан. Қажетті платформаға шыққан соң әйел пойыз астына түсуді ойға алған. Алайда жолаушылардың бірі дабыл қағып, пойыз тоқтап үлгерген", – делінген басылым хабарламасында. 

Кейін кабинадан шыққан машинист оның жанына келіп, әңгіме бастапты. Жарты сағат өткен соң Лэм өзін жақсы сезініп, ер адам оны дәрігерлер мен полицияның қарауына табыстаған. Есін жиған соң әйел өзін құтқарған адамға алғыс айтпақ болыпты. Станция қызметкерлері мен әлеуметтік желінің арқасында машинистің есімі Дейв екенін білген. Олар жақын араласып, кейін отау құрған. 

Қазір жұп алғашқы балаларын күтіп жүр екен. Лэмнің айтуынша, әлі де психикалық тұрғыдан қиындықтар бар, бірақ Дейв оған қиындықты еңсеруге көмектеседі екен. 

Талқылау