Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген Жұлдыз Өмірғали түскен сериалды көргісі келмейтінін айтты

Белгілі әнші Айқын Төлепберген “Папарацци” бағдарламасында әйелі Жұлдыз Өмірғали түскен кинотуындыны не себепті көрмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айқын Төлепберген басты рөлде Жұлдыз Өмірғали түскен “Ақ жауын” сериалына қатысты пікір білдірді.

“Махаббатты тек сүйісумен, құшақтасумен көрсетпейді. Менің ойымша, қос ғашықтың бірін-бірі сүйіп, ақыры қосыла алмай кетсе қызығырақ болатын сияқты. Мен тек бір-екі сериясын көрдім. Ара қарай көре алмадым. Жүйкем шыдамады. Жұлдыздың басқа біреуге “жаным” деп жүргенін ұнатпаймын. Сондықтан Жұлдыздың киноларын көре алмаймын. Бірақ қарсы болмаймын, рұқсат етемін. Себебі ол Жұлдыздың жұмысы, жақсы көретін ісі”, – дейді әнші. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 05 Шілде, 2023 15:50
Талқылау