Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл ұстаздары қала мұғалімдерінен қарағанда көбірек жалақы алады – Министр

Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ауыл ұстаздарының қала мұғалімдерінен қарағанда көбірек жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Біріншіден, барлық ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әріптестеріміздің жалақысына қалалық мектепте жұмыс істейтін әріптестерімізбен салыстырғанда қосымша ай сайын 25 пайыз қосылып отырады. Яғни, қалада бір ставкамен жұмыс істейтін мұғалімнен қарағанда ауылда бір ставкамен жұмыс істейтін мұғалім көбірек алады”, – деді министр. 


Мұғалімдер күніне екі құжат ғана толтыруға міндетті – Асхат Аймағамбетов


Сондай-ақ министр сынып оқушылары арасында бір пәнді бөліп оқытуға қатысты пікір білдірді. 

“Екіншіден, бізде ауылда орналасқан шағын жинақы мектептер бар. Ол мектептерде балалардың саны аз болғаннан кейін бірнеше сыныптар бірге оқытылады. Тіпті осындай сыныптарда 16 бала болған күннің өзінде біз екі сыныпқа бөліп оқытуға мүмкіндік беріп отырмыз. Сондай-ақ бір пәнді 10 немесе 15 балаға бөліп оқытайық деген мәселе айтылады. Барлық пәнді бөліп оқытудың өзіндік жөні болуы керек. Екіншіден, бір пәнді бөліп оқыту үшін қосымша тағы бір кабинет керек болады. Оның арнайы әдістемесі, арнайы қаражаты бар. Сол себепті бұл мәселені кешенді қарауымыз керек”, – дейді ол. 

Талқылау