Ауғанстандағы университетте жарылыс орын алды
Ауғанстанның Кабул қаласында орналасқан Ұлттық қорғаныс университетінің маңында жаралыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның салдарынан 15 адам жарақат алып, тағы 7-і қаза болды. Бұл туралы Ауғанстанның БАҚ өкілдері мәлімдеп отыр.
Ресми ақпаратқа сәйкес, лаңкес өзін-өзі жарып жіберіпті. Қаза тапқандар ауған әскери қызметшілері мен қарапайым тұрғындар көрінеді.
Жарылысты ұйымдастырған адамның ойында не болғаны әлі белгісіз көрінеді. Десек те жергілікті басылымдар оқиғаның Ауғанстан президенті Ашраф Гани тұтқындағы үш талибты босатып, оларды кепілдіктегі тұрғындарға айырбастаймыз деген шешімімен байланыстырып отырған көрінеді. Себебі жарылыс президент үкімінен кейін ертесі орын алыпты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды