Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Атырауда әкесі өз қызын гитарамен ұрып-соққан
Атырауда ер адам өз қызын гитарамен ұрып-соққан. Ол осы әрекеті үшін 7 тәулікке қамалды, деп хабарлайды қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ведомство мәліметінше, ішімдікке сылқия тойып алған ер адам өз үйінде жанжал шығарып, кәмелет жасқа толмаған қызының басынан гитарамен ұрған. Салдарынан қызының денсаулығына жеңіл зиян келтіріпті.
Сот үкімі бойынша ол кінәлі деп мойындалып, 7 тәулікке қамалды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды