Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы әнші Say Mo мен актер "Shakenti" үйленді

Қазақстандық актер Шәріп Серік пен "Say Mo" атымен таныс әнші Мөлдір Есембек некесін қидырды. Жас жұбайлар мұсылманша некелесіп, ерлі-зайыпты атанды. 

Әдетте ашық образбен жүретін "Say Mo" жабық киініп, орамал таққан. Желідегі оқырмандары оны бірден тани қойған жоқ. 

Желі қолданушылары мен әріптестері жаппай құттықтап, бақыт тілеп жатыр. 

Атап айтқанда Әсел Сағатова, Дина Тасболатова, Кентал, Жәния Джуринская, Жанель Мақажан, Мейіржан Төребаеав ақ тілегін жазды. 

"Бақытты болыңыздар, керемет жұп", "Бір-біріне сондай жарасады", "Құтты болсын, некелеріңіз ұзағынан болсын", "Бақытты неке болсын, мұсылманша неке қиғандарыңыз дұрыс болған", "Бақытты, сыйлы, тату отбасылық ғұмыр тілеймін", "Былайша қарапайым қыз екен ғой, ашық-шашық образынан осы қалпы қайда әдемі", "Екеуін де жақсы көреміз", - деп жазды желідегілер. 

Бұған дейін "Shakenti" сүйіктісіне көп алдына көңіл білдіріп, тұрмысқа шығуға ұсыныс айтқан еді.

Талқылау