Атырауда құстардың жаппай қырылуы: Шағалалардың құс тұмауын жұқтырғаны анықталды
"Ақжайық" қорығында Қызыл кітапқа енген шағалалардың жаппай қырылуы тіркелді. Қашаған кен орнының екі жасанды аралынан 2750 өлі шағала табылды. Сараптамалар олардың құс тұмауын жұқтырғанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атырау облысында құстардың өлу себептерін анықтау мақсатында комиссия құрылып, сараптама үшін судан, топырақтан, ауадан және құс мәйіттерінен үлгілер алынды.
-
Қарағандыда ағашты құстардың ұясымен бірге кесіп тастаған (видео)
-
Ақтөбе маңында қаңғыбас иттер тұрғынның үй құстарын қырып тастаған
"Зерттеудің нәтижесі құс тұмауының AN5 түрі бойынша оң нәтиже көрсетті. Қазір құстардың жағдайына толықтай мониторинг жүргізілуде", – деп хабарлады ветеринария ұлттық референттік орталығы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Ақжайық" қорығында, "Қашаған" кен орны маңында қарабас шағаланың жаппай қырылуы тіркелді.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимова Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"