Атырауда көлік жүргізушісін базарда соққыға жығып өлтірген ер адам 8 жылға сотталды
Атыраудағы "Дина" базарында 56 жастағы ер адамды соққыға жығып өлтірген Мұхтар Ахмедов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Видеодан скриншот
Оқиға жарты жыл бұрын болған. "Газель" көлігінің жүргізушісі абайсызда жеңіл көлікті сырып алады. "Мерседес" маркалы көлік иесі ашуға булығып, 56 жастағы Амандық Сағынғалиевті көпшіліктің көзінше қуып жүріп ұрады. Ақырында тұрғын ауыр жарақаттан емдеу мекемесінде көз жұмған.
Марқұмның артында жары, төрт баласы мен бес немересі қалды.
Мұхтар Ахмедовты сот 8 жылға соттап, жәбірленуші тарапқа 20 миллион теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеді.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып