Атырау қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи қанша жалақы алатынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұны “Обожаю” Youtube-арнасының журналисі Асхат Ниязов сұрап білді.
"Жалақым бүгінде 840-850 мың теңгеге жетті. 300 мың алдын-ала төленеді, содан кейін 500 мың беріледі. Бұған дейін NurOtan (Қазіргі Amanat) партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бола тұра, 350 мың теңгеге жуық жалақы алдым", – деді қала басшысы.
Әкімге жер учаскесі тегін берілгені белгілі болды. Сондай-ақ ол пәтер үшін12 жыл ипотека төлегенін айтты. Ата-анасы өз үйлерін өздері салған. Әкесі Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс істеген, ал анасы мұғалім.
Мейрім Қалауи 2022 жылдың 4 наурызда Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды.
"Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек" деп айтқан қарағандылық мұғалім жұмысынан кетті
"Хиджаб кимейді, мектепте кимейді" дейді мұғалім өзінің қыздары жайлы
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр
Ол – еліміздегі құтқару қызметінде тікұшақ басқаратын үш қыздың бірі