Атырау халқының әл-ауқаты мен табысы салыстырмалы түрде жақсы – Облыс әкімі Серік Шәпкенов
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов аймақ халқының әл-ауқатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында аймақ басшысынан өмір сүру деңгейі мен әл-ауқаты жайлы сұрап көрген еді.
"Атырау өңірі, Құдайға шүкір, басқа өңірлермен салыстырғанда еңбек жағынан болсын, тұрғындардың жағдайы тұрғысынан болсын, жақсы жағдайда деп есептеймін", – деп қысқа қайырды Серік Шәпкенов.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов желіде танылған Пшөн атты итті атып кетуге қатысты пікір білдірген еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"