Астаналықтар көлік картасына бір тәулік бойы ақша сала алмайды
Астанада қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылар 26-27 қаңтарда Astra Plat көлік картасына ақша сала алмайды, деп хабарлайды Астана LRT баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

26 қаңтарда сағат 21:00-ден бастап «Астана LRT» компаниясының серверінде техникалық жұмыстары жүргізіледі.
«Көлік карталарына қашықтықтан ақша салуға мүмкіндік беретін серверлердің барлығы сенбіде сағат 18:00-ден бастап жексенбі, 27 қаңтар, сағат 18:00-ге дейін жұмыс істемейді», – дейді баспасөз қызметіндегілер.
Яғни көрсетілген уақыт аралығында Qiwi, Kaspi.kz, transcard.kz және интернет-банкингтер арқылы көлік картасына ақша салу мүмкін болмайды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды