Астанада жүк тиелген трал LRT құрылымын бұзып жіберді: Үш адам зардап шекті (видео)
Астанада жүк тиелген трал LRT құрылымының астына кіріп кетіп, салдарынан үш адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Оқиға Қабанбай батыр мен Ұлы дала қиылысында болған.
"Арнайы техника тиеген Shacman жүргізушісі габаритті есептемей, LRT құрылымын бұзып жіберді. Оқиғаның салдарынан жол жиегінде келе жатқан үш жаяу жүргінші зардап шекті, зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция тексеріс бастады.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)
Дін қызметкері Қазақстандағы конфессияаралық келісім деңгейін жоғары бағалады
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"