Астанада жаңа ғимараттың 16-қабатынан құрылысшы құлап мерт болды
Астанада жаңадан салынып жатқан ғимараттың 16-қабатынан ер адам құлап мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
фото: Владислав Воднев
12 тамызда Алматы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне құрылыс алаңында ер адамның 16-қабаттан құлап кеткені туралы хабар түскен.
“Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы желдеткіш шахтаға құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды”, – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды