Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астанада сауда үйінің бірінде өрт шығып, адамдар эвакуацияланды

Фото: видео кадрларынан скрин

Астанада Сарыарқа ауданындағы “Шапағат” комунналдық базарында өрт шықты. Адамдар жаппай эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеоларда адамдар сауда үйінің жанып жатқанын, дер кезінде шығып кеткенін айтқан.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында өрт сөндіру қызметі жоғары дәрежедегі өрттің алдын алып жатқанын мәлімдеді.



“Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері адамдарды эвакуациялады. 112 номеріне зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ”, – делінген хабарламада. 

Өрттің ауданы шамамен – 300 шаршы метр. Бұл әзірге ТЖМ-нің алдын ала ақпараты. 71 құтқарушы мен 20 техника жұмыс істеп жатыр.

“Өрттің ашық жануы тоқтатылды. Жергілікті жерде жедел штаб құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің бес буыны жұмылдырылды. Үй-жайларда адамдардың бар-жоғын тексеру жалғасып жатыр. Өрт орнына судың үздіксіз берілуі үшін өртке қарсы гидранттарға қосылған үш автоцистерна орнатылды”, – делінген хабарламада.

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 11:04
Талқылау