Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада "РОП операторы" бұрынғы басшысының соты басталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында "Оператор РОП" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын-ала сот тыңдауы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Тengrinews.kz.

Бұған дейін адвокаттар Шынар Мұқтароваға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған болатын. Бірақ бүгін олар бұл өтінішінен бас тартып, процессуалдық келісімді жариялады.

Адвокат Шынар Мұқтарованы үйқамаққа ауыстыруды сұрады.

"Осы іс бойынша Мұқтарова бұрын сотталғандармен бірге қылмыс жасады деп айыпталуда. Сондықтан ол тергеу барысына әсер ете алмайды. Оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар, оның жеке басы анықталған, қылмыстық қудалау органдарынан не соттан жасырынуға ниеті жоқ. Сонымен қатар, ол тергеу барысында медициналық тексерулерді ауыстыру және жүргізу туралы өтінішхатты жүгінген. Өйткені шетелде жүргенде Мұқтароваға ота жасалып, қазір оған медициналық көмек қажет", - деді адвокат Ернар Қошанов.

Айта кетейік, олар соттан сот процесінде фото және видео түсіруге тыйым салуды сұрады.

Талқылау