Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 24 жастағы ер адам 12 жасар қызды кездесуге шақырып, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған

24 жастағы Астана тұрғыны 12 жасар қызды кездесуге шақырып, жыныстық қатынасқа түспек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: “Жаңа адамдар”

"Жаңа адамдар" ұйымының белсенділері әлеуметтік эксперимент ретінде кәмелет жасына толған ересек қызды әлеуметтік желіге 12 жасар қыздың профилімен тіркеген. Желіге тіркеле салысымен қыздың бірден бірнеше жаңа танысы пайда болған. 

"Ең табандысы бүркеншік аты "Нариман" деген жігіт болды. Ол баланы жыныстық қатынасқа ашық түрде шақыра бастады. Қыздың аң-таң болып, бұл не деген сауалына Нариман: "Сен төсекке жат, қалғанын көрсетемін" деп жауап берді. Қыздың жасы туралы сұрақ оны мазаламады. Хатта ол: "Мен тек жыныстық қатынасқа түскім келеді, тіпті сен 2 айлық болсаң да, мен сенен бас тартпаймын" деп жазған”, – дейді белсенділер.


Ақтөбеде екі баласы бар педагог келіншек оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілікті


Балаға жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған Нариман Б есімді Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Нариман бірнеше күн бойы кездесуді қатты талап еткен. Кездесу орны ретінде қаладағы кинорумдардың бірін таңдапты. Бірақ кездесуге 12 жасар қыздың орнына ондаған белсенді барды.

Еске салсақ, бұған дейін СҚО-да танымал кәсіпкер 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 13 жылға сотталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау