Астанада 180 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады
Фото: gov.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында абаттандырылатын аумақтар жайлы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Елордамызды абаттандыру жұмысын жалғастырып жатырмыз. Қалада тұрғындар мен қонақтардың бос уақытын өткізуіне арналған орындар саны артып келеді. Биыл шамамен 180 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылады. Абаттандыру барысында көгалдандыру жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Қаланы аралау барысында бірқатар нысанға бардым.

Тағы бір қоғамдық кеңістік Жұбанов көшесінде (Тархан көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі аралықта) ашылады.

Абай даңғылының Республика даңғылынан бастап Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы екі жағынан толық абаттандырылады. Абаттандырылатын аумақтың жалпы көлемі 1,1 гектарды құрайды. Жоба аясында көше жиһаздары орнатылып, жарықтандыру жұмысы және т.б. жүргізіледі.


Абаттандыру және көгалдандыру жұмысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Биыл да өткен жылдардағыдай бір миллионнан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызу жоспарланып отыр", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді