Астанада 17 миллиард теңгеге жаңа стадион салынады
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 миллиард теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы жаңа стадионға қаржы қайтарылған активтерден жұмсалады. Кешеннің құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Елордада бой көтеретін спорт нысаны 3598 орынға есептелген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындар да қарастырылған.
Жаңа стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру көзделген.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"

