Астанада қарулы ер адам арнайы жасақ қызметкерін жаралады (видео)

Әлеуметтік желілерде Астанада атыс болып, ішкі істер министрлігіне қарасты “Сұнқар” арнайы жасағының қызметкері зардап шеккені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, "Сұнқар" қызметкері көлікпен келе жатқан кезде жолға қарулы адам шыққан. Күдікті арнайы жасақ қызметкеріне оқ атып, нәтижесінде ол қабырға және мойын аймағынан жарақат алған.
Желіде күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам аңшы мылтығынан автокөлік жүргізушісіне оқ атқан, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
“Оқиға туралы зардап шеккен адам “102” арнасына хабарлаған. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері барды. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды”, – делінген департамент хабарламасында.
Полиция жәбірленушінің құқық қорғау органы қызметкері екенін растап, оқиға болған кезде оның еңбек демалысында болғанын мәлімдеді.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"