Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мердігерлерді сотпен қорқытты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс компанияларын сотпен қорқытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Құрылысы кешіктіріліп жатқан компания өкілдері мен үйлеріне қол жеткізе алмай отырған тұрғындарымен кездестім. Мысалы, "Қазанат-2", "София", "Оазис", "Арай"тұрғын үй кешендері. Жұмыс кестесінен кешігу, құжаттар, қаржыландыру және т.б. проблемалар бар. Анықталған заң бұзушылықтар үшін мердігерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазды Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында.

"Құрылыс компанияларын адамдардың тағдырымен ойнамауға шақырамын! Заң талаптары орындалмай, заң бұзушылықтар дер кезінде жойылмаса, істер сотқа жіберіледі. Нысандар сотқа беріледі. Ұқсасмәселелер Сапсан, Диана, R-club, R-club Deluxe, Әскер 1 және 2 тұрғын үй кешенінде де осындай мәселелер бар. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, проблемалық үйлердің құрылысын бақылауға аламыз", - деп қорытындылады әкім.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін Астанадағы үлескерлер мәселесін толығымен шешуді тапсырған болатын.

Талқылау