Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыс өзеніне ағып кеткен баланың мәйіті 6 күннен бері іздестіріліп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар баланың мәйіті әлі табылған жоқ.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтарда Арыс өзеніне ағып кеткен баланы іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. «Іздеу жұмыстарына 11 адам мен 2 техника, ТЖД жедел-құтқару жасағының 1 жүзу құралы жұмылдырылған.

Ал, Отырар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің 13 және ішкі істер басқармасының 7 қызметкері және  2 техникасы, жергілікті тұрғынар мен туыстарынан 10 адам іздестіруде», – делінген хабарламада. Құтқарушылар 8 градус аязда Арыс өзеніне түсіп,  5 метрге дейін  тереңдіктен іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде 7 ақпаннан бастап күн қайта суытады

Шалғай ауылда тұратын қазақ баласына шетел әншісі ұсыныс жасады

Екі адамды құтқарған Өскемен тұрғыны елге жария болмау үшін есімін жасырып қалды

Талқылау