"Арсыздықтың шегі деп білемін": Отандық журналист "Астарлы ақиқаттың" былығын әшкере қылды
Журналист Руслан Меделбек "Астарлы ақиқат" бағдарламасының былығын әшкереледі. Оның айтуынша, бағдарлама қызметкерлері журналистік этиканы сақтамайды екен.

"КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" хабары Азаттық тілшісі Дилараның су басқан ауылдардан су кешіп жүріп түсірген видеоларын алып, Азаттықтың логосын жауып тастап, оған қоса "эксклюзив" деп жар салуы арсыздықтың шегі деп білемін. Ұят, этика, авторлық құқықты жерлеп тастапты. Постқа бағдарламаның сілтемесін салуға арланып отырмын. Youtube жақтан тауып аларсыздар.
Ұрлық, басқаның еңбегін мойындамау, өсек, етектен төмен әңгімелерден аспайтын қазақ журналистикасы қазақстандық журналистикадан бірнеше саты төмен бола бермек", - деп жазды ол желіде.
Журналист жазба жарияланған соң "Астарлы ақиқатты" екі видеоны да Youtube арнасынан алып тастағанын жазды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды