AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртеу" цехындағы апат: Аман қалған жұмысшының жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында болған төтенше жағдай кезінде аман қалған жұмысшының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

аурухана

28 жастағы жұмысшы бастың маңдай бөлігінің терең жарасымен Теміртау қаласының орталық ауруханасына түсті. 

"Науқас ауруханаға түскен кезде шұғыл іс-шараларды жасау нәтижесінде шок жағдайынан шығарылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа ауырға жақын деп бағаланып отыр, оң динамика байқалады. Науқас есін біледі. Гемодинамикасы тұрақты, қан қысымы – 110/80, импульсі – 82. Науқаста біріктірілген политжарақат бар. Емделуші емді толықтай алады", – деді Теміртау орталық ауруханасы директорының орынбасары Ульяна Базарова.



Оқиға жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде болған. Жұмысшылар жұмыс істемейтін пеште отқа төзімді кірпішті бөлшектеп жатқан уақытта арка құлаған. Үйінді астында төрт адам қалып, оқиға орнында көз жұмды. Қаза болғандар тізімі жария етілмеді.

Олардың барлығы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының еншілес кәсіпорны – "Құрылысмет" ЖШС қызметкерлері екені белгілі. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия мүшелері анықтайды, қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, 10 маусымда “АрселорМиттал Теміртау” цехында апат болып, 4 адам қаза тапқан еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр