Арман Әшімов Жапонияда жекпе-жек өткізеді
Елімізге танымал ММА шебері, Арман Әшімов үш жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға оралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

М-1 тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Арман Әшімов әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын Rizin тұжырымымен келісімшартқа отырды.
"Мұстафа Өзтүрік" 23 наурыз күні Жапонияның Кобе қаласында жергілікті спортшы Юсаку Накамурамен жұдырықтасады. Накамура спорттық мансабында 28 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жетсе, 10 рет ұтылып, 1 мәрте тең түскен.
Арман Әшімов кейінгі жекпе-жегін 2021 жылы Naiza 34 турнирінде өткізіп, әзірбайжандық Серхан Валилиді нокаутпен ұтқан еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

