Pfizer вакцинасы 5 жастан асқан балаларға рұқсат етілуі мүмкін
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жасөспірімдерді ғана емес, 5-12 жас аралығындағы балаларды да вакцинациялау мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады. Бұл туралы Цой Нұр-Сұлтанда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі америкалық вакцинаның биылғы жылдың төртінші маусымында келетінін айтты.
Әзірге тіркеу куәлігінде 12 жастан асқан балаларға рұқсат етілгені жазылған.
"Жас мөлшерінің өзгеруіне қатысты айтар болсам, зерттеу жүргізілген елдер нәтижені бекітіп, ресми түрде кеңес берілгеннен кейін, біз де қарастырамыз. Қазіргі уақытта 12 жастан асқан балаларға рұқсат етілген", – деді Цой.
Жыл соңында 6 айдан асқан балаларға арналған вакцинаға қатысты зерттеулердің нәтижесі белгілі болатынын айта кетейік.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды