AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Цой Қазақстанда қайта вакциналау қашан жүргізілетінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта егу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Цой

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық агенттіктерден қажетті ақпарат алынған. Қазіргі кезде барлық тәжірибе жан-жақты зерделеніп жатыр. Бұдан соң халықты иммундау жөніндегі комиссия тиісті шешім шығарады.

"Ревакцинация қазір әлем елдерінің алдында тұрған мәселенің бірі. Бүгінде елімізде санэпидемқызметтің мамандары, ғалымдар мен дәрігерлерден құрылған жұмыс тобы құрылды. Өз кезегімізде жетекші халықаралық агенттіктер мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан ақпарат сұраттық. Халықаралық тәжірибе назардан тыс қалмайды. Тағы бір жайт, қазіргі уақытта ревакцинацияға қатысты нақты критерийлер жоқ, өйткені COVID-19 ревакцинациясы бұл жаңа дүние. Барлық деректерді жинақтап, иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның қорытындысынан кейін ревакцинация туралы жалпы жұртшылыққа нақты ақпарат берілетін болады”, – деді Цой үкіметтің баспасөз қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұдан соң халықты иммундау жөніндегі комиссия тиісті шешім шығарады.

"Жақын арада сарапшылар тобы өз қорытындысын шығарады. Жалпы отандық медицина саласы дайын. Шешім шығарылғаннан кейін толыққанды жұмыс істей аламыз", – деп атап көрсетті Цой.

Бұған дейін, министр ақпан айында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға қазан айында қайта екпе алу қажет болады деп айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр