Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоймадан өрт шығып, жалын тарамау үшін құтқарушылар штаб құрды

қоймадан өрт шықты
Фото: ТЖД

Алматының Жетісу ауданындағы қойма ғимаратынан өрт шықты. Тобаяқов көшесіндегі тілсіз жау жоғары шақыру деңгейінде болды, жалынның таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылған.

”Өрттің таралуына жол бермеу үшін бірнеше өрт сөндіру учаскесі құрылып, қажетті техника мен мамандар жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде жалынмен ашық жану анықталды. Өрт орнында үш өрт сөндіру учаскесі құрылды. Өртті сөндіру жұмыстары қою түтінмен, жоғары температурамен және өрт жүктемесінің көп болуымен күрделенді”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіруге ТЖМ құтқарушылары, "Алматы" ЖЭО, "Су Арнасы", "Алматы Тазалық" қызметтері жұмылдырылған.   

Зардап шеккендер туралы 112 желісіне ақпарат түскен жоқ.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 13 Тамыз, 2026 16:06