Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтап кетті
Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Пышақ жарақатын алған спортшы қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты №12 орталық аурухананың қабылдау бөлімі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Денис Тен бізге түскі сағат 15:00 шамасында түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», – деді аурухана мамандары.
Куәгерлердің айтуынша, спортшыны біреу пышақтап кеткен.
Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды