Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы базарлардың бірінде 13 мыңнан астам қауіпті жұмыртқа анықталды

Құжатиы жоқ заңсыз жұмыртқа
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Алматы базарында ветеринарлық бақылау рейді барысында 13 мыңнан астам заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасы анықталып, тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, рейд кезінде "Барыс-IV" базарында ветеринариялық құжаттары жоқ, тиісті таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған тауық жұмыртқалар анықталған.

“Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 дана өнім алынды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.  

Өнімді жою процесі адам мен жануарлардың денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін тағам өнімдерін жою ережелеріне (ҚР Үкіметінің №140 қаулысы) сәйкес, 2026 жылдың 10 маусымында тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымындағы "Беккер шұңқырына" тасталып, биотермиялық әдіспен консервацияланды”, – делінген хабарламада.  

Оқиғадан кейін сауда орындарына ветеринариялық талаптарды сақтау түсіндірілген. Заңсыз өнім сатуға тыйым салу туралы хаттар жіберілді.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 11 Маусым, 2026 11:49